ТҮРКІСТАН: «Наурыз- думан» гала-концерті өтті

0
1 038

Мерекелік концертте еліміздің танымал эстрада жұлдыздарымен бірге Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары өнер көрсетті.


ТҮРКІСТАН: «Наурыз- думан» гала-концерті өтті

Түркістандағы «Керуен сарай» туристік кешенінде «Қош келдің, әз Наурыз!» шарасы аясында «Наурыз- думан» гала-концерті өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мерекелік концертте еліміздің танымал эстрада жұлдыздарымен бірге Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары өнер көрсетті. Келген қонақтар «Melo`MEN» тобымен бірге қосыла ән шырқап, Мехавая 8/1 жігіттерінің әніне биледі.
Ал құрылғанына көп болмаған «Turan boys» квартеті қазақ әндерін төрт тілде орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Шара барысында «Сарын»тобы, Абзал Өтешов, Қожахмет Аманбай, Айзада Әлімбек, Данияр Барыс сынды әншілер қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.