ТҮРКІСТАН: "Нұр Отан" партиясының қабылдауына жазылушылар саны 4 есе артқан

0
563

ЖАСТАР - ЕЛ СЕНІМІН АҚТАЙДЫ!


ТҮРКІСТАН:

Бүгін "Nur Otan"партиясының ХХ съезі өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Біріншіден, Құрметті Елбасы, "Nur Otan" партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевқа, Президентіміз Қ.К.Тоқаевқа, партиялас серіктестеріме, елімізді дамыту ісіне жаңа серпін беруге бағытталған ниеттеріміз бен мақсаттарымызға сенім білдіргені үшін, шексіз алғысымды білдіргім келеді.

Екіншіден, еліміздің Тәуелсіздігі, ең басты құндылығымыз болса, соны сақтап қалу, одан әрі нығайту, саяси тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын тұрақты түрде дамыту, саяси өміріміздің басты бағыты болып қала бермек. Әр қала, аудан, облыс ерекшеліктерін екшеп, елеп, ескеріп жасалған 216 сайлауалды бағдарламаларда осы мақсаттарымыз айқын көрініс тапқан. Бес жылда партия көмегіне 1,2 млн. тұрғын жүгініп, оның 92%-ы оң шешімін тапқан.

Ал Түркістан облысы бойынша 2020 жылдың 10 айында,партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 26,4 мың адам тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге артқан. Қарау нәтижелері бойынша 16,3(62%) оңтайлы шешіліп, 10 мың өтінішке заң аясында жауап беріліп, 111 өтініш бүгінде қаралу үстінде. Партия уәде еткен жүйелі жаңғыртуды жүргізуде.

Праймериздің партияішілік іріктеу кезеңдеріне қойылған қатаң талаптардың нәтижесінде, саясат алаңына, мықтылығымен көзге түскен,жаңа тұлғалар қосылды.

Алдағы Парламенттік сайлау, биліктің өкілді органдарының рөлін, ортақ бір мақсатқа жұмылдырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруды қажет ететін пәрменімен ерекшеленгелі тұр.

"Қуатты Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" формуласының іс жүзінде іске асуына үлкен серпін бермек. Шоғырланып, шешімін күткен мәселелер де аз емес. Атап айтатын болсақ, аграрлық, өндірістік, ғылыми, рухани-мәдени және білім салаларын реформалау істері күтіп тұр.

Тарихымыздың қай кезеңін алсақ та, қаншама талдау жасасақ та, мемлекет ісіндегі билердің шешімдері, тығырықты жолдардан алып шыққанын көреміз.

Сондықтан да, мемлекеттік қызметтерге заң шығарып, ұсынып, ақыл-кеңесін беретін, халық қалаулыларының рөлі өлшеусіз мол.

Жаңадан сайланып,жасақталатын мәжіліс депутаттарының құрамына, қатаң партияішілік іріктеуден өткен, түрлі салалар бойынша көзге түсіп жүрген, білімді жастардың да қатысып, бақ сынай алатынын, қуанышпен атап өткім келеді. Болашақ-жастардың қолында екендігі,бір сәтке де,жадымыздан шығуға тиісті емес.

Мөлдір Бақытжанова,

праймериз жеңімпазы,

Түркістан облысы