ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түлкібас ауданын аралады

0
1 418

Іссапар барысында облыс әкімі бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түлкібас ауданын аралады

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сапар барысында өңір басшысы ауданға қарасты Састөбе кентінде орналасқан «Састөбе технолоджис» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Құрылысқа қажетті цемент және әк шығаратын зауыт жылына 500 мың тонна цемент және 105 тонна әк өндіріп, еліміздің әр өңіріне өткізуде. 2019 жылы қайта құрылымдаудан өткен зауыт бүгінгі таңда 536 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Келесі кезекте облыс әкімі Састөбе кентінде орналасқан «Ер Жәнібек» атындағы спорт кешенінің жұмысымен танысты. 454 миллион теңгеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Түлкібас ауданының әкімдігі мен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мен «ТұранСпортГруп» ЖШС-нің үш жақты келісімінің аясында соғылған спорт кешенінде бокс, дзюдо, үстел теннисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа сияқты спорт түрлерімен айналысуға болады. Спорт кешенінде келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған арнайы бөлмелер және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған. Кешен 240 адамға есептелген.

Бұдан соң, өңір басшысы Жаскешу ауылына табан тіреп, ауыл ішіндегі республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Ұзындығы 59 метр, ені 13 метрді құрайтың көпірдің құрылыс жұмыстарын «ЕВРАСКОН» Евро Азиаттық құрылыс корпорациясы жүргізуде. Нысанның құрылыс жұмыстары бүгінгі таңда 90 пайыздан асып отыр.

Келесі кезекте облыс басшысы ат басын Азаттық ауылына бұрып, «Майлыкент сүт» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Жоғары сападағы экологиялық таза сүттен жасалатын «Майлыкент-сүт» ЖШС-ң өнім түрлері, бүгінгі таңда ауданда ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де жоғары сұранысқа ие. «Бизнестін жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, бүгінгі таңда қарқынды жұмыс істеп тұрған сүт өңдеу цехы күніне 5 тонна сүт өңдеп, майсыз сүттен бастап йогурт, айран, ірімшік сияқты 12 түрлі өнім дайындайды. Аталмыш кәсіпорын 30-дан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтым, өз өнімдерін республика аумағындағы барлық өңірлерге өткізуде.

Өңір басшысы сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Азаттық ауылында орналасқан «Түркібасы» әулиесінің абаттандыру жұмысымен танысты. Түркістан облысының «Киелі жерлер географиясына» енген бұл нысан 2018 жылы аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында толығымен жөнделіп, аумағы абаттандырылды. Атылмыш киелі нысан бүгінгі таңда зиарат етуші туристердің көптеп келетін орнына айналып отыр.

Сондай-ақ, бүгінгі Түлкібас ауданына сапары барысында облыс әкімі аудан орталығындағы «Тұңғыш Президент» саябағында орналасқан «Жастар алеясының» құрылыс жұмыстарымен де танысты. Жастар жылына орай соғылып жатқан бұл нысанның құрылыс жұмыстары бүгінгі таңда 80 пайызға жетіп отыр. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында ел игілігіне пайдалануға берілмек.