Облыс тұрғындарының назарына!
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Созақ ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Созақ ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 7 қыркүйекте сағат 11.00-де «Тәуелсіздік» саябағында (Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі) өтеді, сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 7 қыркүйекте сағат 12.00-де «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету №2 ғимаратында» (Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі) өтеді.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Бәйдібек ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 7 қыркүйекте сағат 15.00-де аудандық мәдениет үйінің жанындағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Сондай-ақ облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 7 қыркүйекте сағат 16.00-де аудандық мәдениет үйінде өтеді.
Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 6 қыркүйекке дейін сағат 9.00 мен 19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.