Нұротандықтар Ұлы Отан соғысының, тыл еңбеккерлерінің, Ауған соғысы ардагерлерінің үйлеріне барды.
Түркістан облысында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында акция өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Акция аясында нұротандықтар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне және Ауған соғысына қатысушы ардагерлердің үйлеріне барып, хал-жағдайын біліп, көмек көрсетуде. Мәселен, дәрігерлер денсаулықтарын тексеріп, қажетті дәрі дәрмек берсе, жастар ауладағы жұмыстарды атқарып жатыр.
«Nur Otan» Түркістан облыстық филиалының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Немет Абдрасилов, Фазыл Азимов, Әбжаппар Дайрабайұлы, Курбанай Мубараков, Абдулла Рысметовтің және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен Альмира Айтуганова, Ульфон Умарова, Ұлбосын Мұсаеваның үйлеріне барды. Ауған соғысының ардагерлері Дәулет Дастановтыңда шаңырағында болды.
"Партия тек 9 мамыр – Жеңіс күнінде ғана емес, тұрақты түрде «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы арқылы жеңіс жеңімпаздарына жәрдем беріп, ардагерлерді ардақтап отырады. Бүгін біз Түркістан қаласындағы 8 ардагердің үйінде бардық. Көмек көрсетіп, жәрдем бердік. Батасын алдық", - дейді «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалима Жантөреева.
Айта кетейік, акция облыс аумағындағы барлық аудан, қалаларда өтуде.