RIC ON EXPORT бағдарламасы аясында облыстың кәсіпкерлерінен жиналған 230 тонна ет экспортталды.
Түркістан облысы - ERNUR.KZ.«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы өзінің еншілес ұйымы «Ырыс» МҚҰ-мен бірлесіп 2018 жылдың алты айында жалпы сомасы 3 920,7 млн. теңгені құрайтын 1068 жобаны қаржыландырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүзеге асырылған жобалар аясында 1 119 жаңа жұмыс орны ашылған. Қаржыландырылған жобалардың 31 пайызы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Бұл бағытта 1,2 млрд. теңгені құрайтын 220 жоба қолдау тапты. Одан бөлек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және егін шаруашылығы бойынша 2,2 млрд. теңгеге 794 жоба, жылыжай шаруашылығы бойынша 99 млн. теңгеге 12 жоба қаржыландырылып, жалпы сомасы 224,5 млн. теңгені құрайтын ауылшаруашылық техникалары лизингке берілді.
Ашылған сәтінен бастап компанияның портфелінде жалпы сомасы 22,2 млрд. теңгені құрайтын 5 486 жоба бар. Бүгінгі күнге дейін 56,2 млрд. теңгеге 18 мыңға жуық кәсіпкерді қаржылай қолдай отырып, компания 42 600 жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етті.
«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «ОҢТҮСТІК» АИО тұрғын үйлерді күтіп-баптауға арналған жасыл қағидаттарды енгізу арқылы смарт үйлерді салуға қатысу үшін қаржыландыру механизмін әзірледі.
Еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымы енді фермерлерге аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді. Бағдарламаның атауы - «Ырыс-өркендеу». Осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлер ауылшаруашылық мақсаттағы және ауылшаруашылық техникаларына қажетті жабдықтарды сатып ала алады, мұнда алдын-ала төлем ретінде инвестициялық субсидия төленеді.
Қаржыландырудан басқа, аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту үшін АИО экспорттық әлеуетті дамытуға және Түркістан аймағына инвесторларды тартуға белсене қатысуда. Осы мақсатта www.kazinvestor.com веб-сайты іске қосылды, бұл - әрбір инвестор үшін нұсқаулық бола алады.
2017 жылы әзірленген RIC ON EXPORT бағдарламасы аясында облыстың кәсіпкерлерінен жиналған 230 тонна ет экспортталды.