Түркістан облысында 300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді

0
786

Құрылыс жұмыстарының көлемі 407 млрд 494 млн. теңгеге жеткен.


Түркістан облысында 300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді

Түркістан облысында былтыр 300 мың шаршы метрге жуық көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов мәлімдеді.


Спикердің айтуынша, 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыс бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 407 млрд 494 млн. теңгеге жеткен.


«Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 137 млрд 101 млн. теңге инвестиция салынды. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы - 898,9 мың шаршы метрді құраса, оның 69,2%-ы халық қаражаты есебінен. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыста 277,7 мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді», - деді Нұрқожа Ермекұлы.


Бұдан бөлек, спикер брифингте еліміз бойынша жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің 10,3%-ы Түркістан облысына тиесілі екендігін баяндады. Өткен жылы 1 қазан айындағы көрсеткіш бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында жұмыспен қамтылғандардың саны – 292 620 адамды құраса, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аталған саладағы өнім көлемі – 1 210 422 млн. теңгені құраған.