Түркістан облысында 47 жыл жөндеу көрмеген мектеп қалпына келтірілді

0
1 304

Ағымдағы жылдың 25-ші қазанында басталған жұмыстың қазір 80 пайызы аяқталған. Нысан желтоқсан айының алғашқы аптасында пайдалануға берілетін болады.


Түркістан облысында 47 жыл жөндеу көрмеген мектеп қалпына келтірілді

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Жібек жолы ауылында орналасқан Ә.Бөкейханов атындағы ЖОМ күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған білім ошағы 1971 жылы бой көтерген. Сол уақыттан бері мектеп жөндеу көрмеген. Ағымдағы жылдың 25-ші қазанында басталған жұмыстың қазір 80 пайызы аяқталған. Нысан желтоқсан айының алғашқы аптасында пайдалануға берілетін болады.

Осыған орай, аудан әкімі Бақтияр Мамаев аталған білім ордасының жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты.

Ал, мектепте білім алатын 900-ге тарта оқушы жақын елді мекендердегі 4 мектепке тасымалданып оқытылуда. Ол үшін аудандық білім бөлімі тарапынан 5 автобус қарастырылған. Балалар жайғастырылған мектептердің сыныптары жылы әрі білім алуға ыңғайлы. Бұйыртса, араға екі апта салып оқушылар заман талабына сай жөндеуден өткен, іші жарық, дәріс алуға ыңғайлы мектепте оқуларын жалғастыратын болады.