Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар тауардың 16 түрі өндіріледі

0
606

Тұтыну нормасына сәйкес, бұл өнімдермен облыс халқы артығымен қамтамасыз етіледі.


Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар тауардың 16 түрі өндіріледі

Түркістан қаласында қосымша 2 бірлік әлеуметтік дүкендер ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жыл басынан Түркістан қаласында жаңадан ашылған «Эко базар» аумағында 10 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда 367,8 млн. теңге сомасына 732 тонна тауарлар нарық бағасынан 15-20 %-ға төмен бағамен сатылымға шығарылды.


Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы 13 әлеуметтік дүкендер мен 5 ірі сауда үйлері арқылы күнделікті 3,5 тонна 17 түрлі тауарлар белгіленген бағада тұрғындарға сатылуда. Жыл соңына дейін Түркістан қаласында қосымша 2 бірлік әлеуметтік дүкендер ашу жоспарланып отыр.


Жалпы, әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың 16 түрі өңірде өндіріледі. Тұтыну нормасына сәйкес, бұл өнімдермен облыс халқы артығымен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда картоп, сәбізден 1,5 есе, пиязбен 3,1 есе, қырыққабатпен 4,2 есе және етпен етімен 1,5 есе, сүтпен 7 есе. Ал тек құс етімен 26,4% жұмыртқамен қамтамасыз ету көлемі 41% құрайды. Халықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз ету мәселесі барлық аудан, қала басшыларына жүктелген.