Түркістан облысында аудандық аурухана «Триаж» жүйесіне қосылды

0
2 403

Мұнда түрлі дерт белгісімен ауыр жағдайда түскен науқастарға қысқа уақыттың ішінде диагнозын дәл тауып, мобильді түрде ем-дом жасауға мүмкіндік бар.


Түркістан облысында аудандық аурухана «Триаж» жүйесіне қосылды

фото: ERNUR.KZ

ERNUR.KZ. Шардара аудандық ауруханасының негізгі ғимаратына қосымша (3H) «Триаж» жүйесіне арнайы бағытталған ғимарат салынып, заманауи техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Небәрі екі айдың ішінде бой көтеретін заманауи талаптарға сай дайын медициналық бекеттер, жаңа медициналық құрылғылар неміс технологиясымен жасалған деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жаңа дәрігерлік бекеттер әсіресе жырақта орналасқан ауыл халқының жылдар бойғы мәселесін шешіп береді. Мұнда түрлі дерт белгісімен ауыр жағдайда түскен науқастарға қысқа уақыттың ішінде диагнозын дәл тауып, мобильді түрде ем-дом жасауға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар аудан және ауыл орталықтарынан шалғайда орналасқан елді мекендерге қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында жалпы құны 390 млн тг құрайтын 13 модульдік медициналық тіректерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуде. Жөндеу - жаңару жұмыстары ауруханасының жеке қорынан (ақылы қызмет есебінен) және демеушілер есебінен қаржыланды.

Аталған құрылыс (триаж ғимараты) бұрын-соңды республикада болмаған жоба ретінде қарастырылып отыр.