​Түркістан облысында білім гранттарын бөлуге қоғам өкілдері қатысады

0
1 322

Жұмыссыздықты және нағыз мамандық иелерінің тапшылығын кеміту мақсатында сұранысқа ие қажетті мамандықтардың сараптау, мемлекеттік тапсырысты бекіту, үшін Білім басқармасы жанынан 7 сала бойынша жұмысшы топ құрылды


​Түркістан облысында білім гранттарын бөлуге қоғам өкілдері қатысады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің ұйымдастыруымен білім саласына гранттар бөлудегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында кеңейтілген отырыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, облыстық Білім беру басқармасының басшысы И.Сағындықов, ЖОО және колледж директорлары мен қызметкерлері, жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты.

«Білім саласы ең өзекті сала. Осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әсіресе білім беру гранттарын бөлудегі ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Агенттік пен Министрлік тарапынан үлкен жоба қолға алынып отыр. Осы жобаны жүзеге асыруда қоғам белсенділерінен тұратын Департамент жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топ білім беру гранты мен мемлекеттік тапсырысты бөлуге бекітілген конкурстық комиссия мүшелері жұмысына бақылаушы ретінде қатысатын болады. Тек арнайы мониторингтік топ мүшелері ғана емес, облыстың, Шымкент қаласының белсенді азаматтарын да бақылаушы болуға шақырамыз» - деді Департамент басшысы Ә.Көмекбаев.

Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы И.Сағындықовтың сөзіне қарағанда, облыста еңбек нарығында жұмыс күшіне деген нағыз қажетті сұраныс пен жергілікті атқарушы органдардан келіп түскен формальды ұсыныс арасындағы алшақтықты барынша қысқарту қажет. Соған сәйкес жұмыссыздықты және нағыз мамандық иелерінің тапшылығын кеміту мақсатында сұранысқа ие қажетті мамандықтардың сарапталғаны жөн. Осыған байланысты мемлекеттік тапсырысты бекітуге алғаш рет Білім басқармасы жанынан 7 сала бойынша жұмысшы топ құрылды. Осы жауапты істі атқаруға Жұмысшы топ құрамына облыстық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпорын басшылары, қоғамдық ұйымдар мен салалық басқарма мамандары, мәслихат депутаттары енді.

Азаматтармен тиімді кері байланыс орнату мақсатында Департаменттің memkyzmet.kz сайтында арнайы «Білім» айдары ашылып, +7 775 869 21 21 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджер іске қосылған болатын. Аталған жобаға қатысуға тілек білдіруші азаматтар жоғарыда көрсетілген байланыс құралдарына хабарласа алады.