Түркістан облысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Адалдық сағаты» өтті.
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай, еліміздің барлық білім беру ұйымдарында алғаш рет бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бірыңғай сағат Түркістан облысына қарасты барлық білім ошақтарын, оның ішінде 903 мектеп, 68 колледж, 2 жоғары оқу орнын (Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Сырдария университеті)қамтыды.
«Адалдық сағатының» негізгі мақсаты - өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіругежәне жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Осы игі бастамаға лекторлар ретінде аудан/қала әкімдері мен олардың орынбасарлары, облыстық және аудандық мәслихат хатшылары, «Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық филиалының бірінші орынбасарлары, мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының басшылары менарнайы мониторингтік топ өкілдері қатысты.
Еліміздегі жалғыз халықаралық деңгейдегі Қазақ - түрік университетінің студенттеріне дәріс оқыған Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Х.Көшқалиев жастарды жаңа оқу жылымен құттықтап,сыбайлас жемқорлықпен қарқынды күресу ел саясатының негізгі басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.
Өңірдегі жалпы саны 50 000-ға жуық білім алушыны қамтыған шарада қоғам белсенділері де қалыс қалмады. Атап айтқанда, дарынды жазушы, журналист М.Байғұт, облыстың Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев,Журналистер Одағы облыстық филиалының басшысы Ғ.Елшібай, белгілі айтыскер-ақын, Балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Б.Шойбеков, қазақ күресінен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы А.Нарбек секілді зиялы қауым өкілдері мен спорт шеберлері белсене атсалысты.
Шара барысында лекторлар қазақтың бойында бағзыдан қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін қазбалап,тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығына тоқталды. Сондай-ақ, Елбасы биылғы жылды«Жастар жылы» деп жариялап, ел жастарына зор сенім білдіргендігін, Қазақстанның жарқын болашағы – бүгінгі жас буынның қолында екендігін жеткізді.
«Адалдық сағатында» білім алушыларға арнайы әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асылқасиет екендігі жіті түсіндірілді.
Айта кетейік, бұл игі бастама дәстүрлі түрде жыл сайын «1 қыркүйек – Білім күнінде» басталып, оқу жылының соңына дейінжүйелі түрдееліміздің абыройын асқақтатып жүрген ел мақтаныштары мен қоғам белсенділерін қатыстыра отырып өткізілетін болады.