Түркістан облысында дүниеге үшем келді

0
1 416

Студент келіншек он сегіз жасында үш баланың анасы атанды.


Түркістан облысында дүниеге үшем келді

Түркістан облысында биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш ауданының тұрғыны, студент Жанар Анарбаева он сегіз жасында үш баланың анасы атанды.

Былтыр ғана ақ босаға аттап келін атанған жас келіншек Адина, Медина, Үсен есімді екі қыз және бір ұл баланы дүниеге әкеліп отыр.

Облыстық №1-ші перинаталды орталықта ай күніне жетпей туылған үш ағайынды сәбидің жағдайы қазір жақсы. Жанар перзентхананың қызметкерлеріне алғысын білдіруде.

Ауылда асыға қуанып әжелері күтіп отыр екен. Жалпы, былтыр Түркістан облысында бес үшем дүниеге келіп, 55 мыңнан астам сәби туылған.


Дереккөз: Түркістан Облысының Қоғамдық Дб