Түркістан облысында электр қуатын тарататын қосалқы станциялар салынады

0
479

717 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен жалпы қамтылатын болады.


Түркістан облысында электр қуатын тарататын қосалқы станциялар салынады

Түркістан қаласын қажетті жылу, энергия көздерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін булы газ қазандығын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша облыс автивімен кездесті.


Түркістан облысында 2025 жылы жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 99,5% жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, биыл 444 елді мекенге табиғи газ тартылады. Ал, алдағы 5 жылда табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 85,6%-ға жетеді. Сонымен қатар, жыл қорытындысымен орталықтандырылған ауыз сумен жалпы 717 елді мекен қамтылатын болады. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу көзделуде. Ал, жаңадан салынып жатқан Түркістан қаласын қажетті жылу, энергия көздерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін булы газ қазандығын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, электр қуатын сапалы тарататын «Орталық», «Солтүстік», «Бадам» секілді қосалқы станциялар құрылысы басталды.


«Облыста жалпы сыйымдылығы 8,7 млрд.м3 42 су қоймалары бар. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кепілді ағын сумен қамтамасыз ету үшін қосымша сиымдылығы 68 млн.м3 құрайтын 2 су қоймасын салу жоспарланған. Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары Түркістан облысында 2016 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңға 1,5 мыңға жуық отбасы мүшесі бар 302 отбасы қоныс аударды. Жалпы Республика бойынша қоңыс аударғандардың ішінен Түркістан облысының үлесі 30% құрайды. Енді біздің алдымызда облыстың осы көрсеткіштерін еселеп, Жолдаудағы айқындалған бағыттарды іске асыру міндеті тұр», - деді Өмірзақ Естайұлы.