Түркістан облысында иммундау апталығы өтіп жатыр

0
467

Екпе жұмыстары 21-27 сәуір аралығында өтеді.


Түркістан облысында иммундау апталығы өтіп жатыр

Түркістан облысының аумағында жұқпалы ауруларға қарсы иммундау апталығы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының аумағында жұқпалы ауруларға қарсы иммундау апталығы өтіп жатыр. Екпе жұмыстары 21-27 сәуір аралығында өтеді.


«Бүгінгі күнге жұқпалы аурулардың алдын алу үшін вакцинация - ең маңызды және тиімді жол. Екпе көмегімен жұқпалы аурулардың таралуын шектеп, мүгедектік пен өлім жағдайының алдын алуға болады. Бізде ата-аналар балаларына екпе ектіруден қорқа бастады. Тіпті кейбір жанұяларда екпені егуден бас тарту әдетке айналды. Екпеден бас тартулардың көбісі ғаламтор желісінде негізсіз таратылған жағымсыз мәліметтермен байланысты. Жиі екпеден бас тартудың нәтижесінде вакцинамен реттелетін жұқпалы аурулар көбеюде. Профилактикалық иммундау жұмыстары республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен тегін жүргізіледі» -деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жабағиева.


Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысының санитарлық-эпидемиялогиялық департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов өңірдің 95% тұрғыны иммундаумен қамтылғанда ғана толық иммунитет пайда болатындығын жеткізді.