Түркістан облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді

0
1 143

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 340-қа жетті.


Түркістан облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Қазақстанда тағы 4 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

2 жағдай Нұр-Сұлтанда, 1 жағдай Солтүстік Қазақстан облысында және 1 жағдай Түркістан облысында тіркелген.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 18 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 1 адам.

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 340-қа жетті.