Cонымен қатар, 2018-2019 жылдардағы Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасынан тыс іске асып жатқан жобалардың қатарында "Алтын сарай" қонақ үйі мен бассейн кешені, "Сапар" сауда базарын модернизациялау жобалары да бар.
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында алдағы уақытта жаңа электр станциясын салу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.
Мырзашөл өңірі электр қуатын көрші Өзбекстан Республкасынан тасымалдайтыны белгілі. Міне, энергия тапшылығын азайту мақсатында индустрияландыру картасынан тыс "Инженерная арена" ЖШС-нің баламалы гибридтік электро станциясын құру көзделуде. Жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын жоба 4,9 МВтт электр өндіре алады. Сондай-ақ, 2019 жылы іске қосылатын станция 25 адам жұмыспен қамтымақ.
Cонымен қатар, 2018-2019 жылдардағы Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасынан тыс іске асып жатқан жобалардың қатарында "Алтын сарай" қонақ үйі мен бассейн кешені, "Сапар" сауда базарын модернизациялау жобалары да бар.
Атакент кентіндегі "Алтын сарай" қонақ үйі және бассейн кешенінің құрылысы 2019 жылы аяқталады деп күтілде. Құны 100 миллион теңгені құрайтын жоба іске асқаннан соң 15 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтиды.
Сондай-ақ, Атакент кентінде "Муталиев Қ" ЖК-не тиесілі тағы бір қонақ үй мен мейрамхана кешенінің құрылысы жүргізілуде. Құны 80 миллион теңгені құрайын жоба 15 адамды жұмыспен қамти алады.
Дереккөз: Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі