​Түркістан облысында жәдігерлер көрмесі өтті

0
2 083

Арыс ауданына қарасты Қожатоғайдан, Отырар өңірінен табылған тас дәуірінің, сақ, ғұн дәуіріне жататын археологиялық жәдігерлер және тарихи мәдени ескерткіштердің суреттері көпшілік назарына ұсынылды.


​Түркістан облысында жәдігерлер көрмесі өтті

ERNUR.KZ.Түркістан облысы, Арыс қаласындағы өлкетану мұражайында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Елдіктің белгісі тарихты тану» тақырыбында көшпелі көрме өтті деп жазады ERNUR.KZ Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Аталмыш көрме Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты - мемлекет қорғауына алынған тарихи ескерткіштер туралы мәліметтер беру, оларды сақтау, қорғау. Сонымен қатар көрмеге қойылған жәдігерлерді көпшілікке таныстыру арқылы өскелең ұрпақтың санасына өткен тарихымыздан мағлұматтар беру.

Көрмеге Арыс ауданына қарасты Қожатоғайдан, Отырар өңірінен табылған тас дәуірінің, сақ, ғұн дәуіріне жататын археологиялық жәдігерлер және тарихи мәдени ескерткіштердің суреттері көпшілік назарына ұсынылды. Көрмені тамшалаған тарихшылар, мұражай қызметкерлері және Арыс қаласының тұрғындары Отырар тарихы туралы тың деректермен танысты.