Биыл ол мектептердің 6-ы пайдалануға беріледі.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Алдағы үш жылда Түркістан облысында жаңа 20 мектеп бой көтереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Түркістанда өткен жиында Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова атйып өтті.
Биыл ол мектептердің 6-ы пайдалануға беріледі. Білім ордалары ең алдымен үш ауысымды, апатты мектептердің орнына салынатын болады.
Айта кету керек, ел көлемінде алдағы үш жылда 190 мектеп салынады.
Жиын барысында Күләш Ноғатайқызы білім саласында орын алып жатқан өзгерістер жайында айтып өтті. Яғни, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, үш тілде оқыту және білім саласы қызметкерлерінің жалақыларын өсіру ісіне тоқталды.