Түркістан облысында жарылыс болып, 1 адам көз жұмды

0
763

3 адамның денесін күйік шалған.


Түркістан облысында жарылыс болып, 1 адам көз жұмды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысындағы зауытта жарылыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


13 қараша күні Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Сазтөбе елді мекенінде орналасқан цемент зауытының бір цехында жарылыс болып, күйік шалған 3 адам ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, денесін толықтай күйік шалған бір адам көз жұмды. Ауруханаға жеткізілген 2 адамның да жағдайы өте ауыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері баяндады.


"Екі адамның денесін толық күйік шалса, бір адамның денесінің 70-75 пайызы күйген. 1971 жылы туған науқас көз жұмды. Екі науқасты емдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген Сайрам ауданының бас дәрігері Ерғали Сәдуақасұлының мәлімдемесінде.


Ал, басқа да құзіретті органдар әлі бұл жағдай жайлы ресми ақпарат берген жоқ.