Түркістан облысында жылыту маусымы басталды

0
69

Жылыту маусымының тұрақты әрі қауіпсіз өтуі облыс басшысы Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында.


Түркістан облысында жылыту маусымы басталды

Түркістан облысында жылу беру маусымы басталып, жылу қазандықтары қажеттілігіне қарай кезең-кезеңімен іске қосылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жылыту маусымы Түлкібас ауданында 10 қазанда, ал Төлеби, Қазығұрт, Созақ, Сайрам, Бәйдібек аудандарында 15 қазанда басталды. Түркістан облысына қарасты қалған аудан, қалаларда жылу жүйесін 1 қарашаға дейін қосу жоспарлануда.


Жалпы, облыс аумағында жылумен қамтамасыз ету бойынша 7 кәсіпорын қызмет көрсетеді. Олардың құрамында 1 жылу энергетика кешені, 36 орталықтандырылған қазандық және 2 083 автономды қазандықта жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді. Жылу нысандары тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен үздіксіз қамтуға дайын.


Жылыту маусымының тұрақты әрі қауіпсіз өтуі облыс басшысы Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында.


Айта кетейік, жылу беру маусымы сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы қатарынан 5 тәулік қатарынан +8°C-тан төмендеген жағдайда басталады.

Бөлісу