Түркістан облысындағы «Үздік ауыл әкімі» анықталды

0
774

23 ауыл әкімі өтініш білдірді.


Түркістан облысындағы «Үздік ауыл әкімі» анықталды

Түркістан облысында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының өңірлік деңгейдегі кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылдың 25 маусымы мен 10 шілдесі аралығында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауына қатысуға Түркістан облысының аудан, қалаларынан 23 ауыл әкімдері өтініштерін білдірді.


Үздік ауыл әкімін анықтау мақсатында, өңірлік комиссия мүшелерімен қатысушылардың бағалау парақтарының критерийлеріне сәйкес, ауылдық аумақты дамыту бойынша таныстыру жұмыстары, халықпен кері байланыс орнату қызметі, мемлекеттік қызметшілердің әдебін сақтау мәселелері, ауыл тұрғындарының арасында жүргізілген онлайн дауыс берудің қорытындылары назарға алынып, бағалау жүргізілді.


Нәтижесінде, өңірлік комиссияның шешімімен Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімі Абдикадир Ермекұлы Сиқымбаев ауылдық округ әкімдері арасынан үздік атанды. Енді ол «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсына Түркістан облысының атынан қатысатын болады.