ТҮРКІСТАН: Өгей шешесі мен оның анасын ұрып-соққан күдікті қолға түсті

0
1 475

ҚР ҚК-нің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" және 149-бабы "Тұрғынжайға қол сұғылмаушылықты бұзу" бойынша СДТБТ-ға тіркелді.


ТҮРКІСТАН: Өгей шешесі мен оның анасын ұрып-соққан күдікті қолға түсті

Түркістан облысының полицейлері егде жастағы әйелдерді соққыға жыққан күдіктіні ұстады, деп хабаралайды ERNUR.KZ.

Келес ауданында 14-інен 15-іне қараған түні барып, түркістандық азаматтың өгей шешесі мен оның анасын сабап, қашып кеткенін болатын.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" және 149-бабы "Тұрғынжайға қол сұғылмаушылықты бұзу" бойынша СДТБТ-ға тіркелді.
Бірнеше тәуліктен кейін, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес АПБ полицейлері күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде екі әйелге дене жарақатын салған бейнежазба пайда болған еді. Келес АПБ-не ауруханадан екі әйелді дене жарақатымен жеткізгені туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, жергілікті тұрғын жәбірленушінің үйіне кіріп, оның анасы мен өгей шешесіне ұрып соғу арқылы дене жарақатын салып, қылмыс орнынан бой тасалаған.