Түркістан өнерпаздары Сиань қаласында өнер көрсетті

0
96

Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы бауырластық қарым-қатынасты тереңдете түсті.


Түркістан өнерпаздары Сиань қаласында өнер көрсетті

Түркістан өнерпаздары Сиань қаласында өткен Жібек жолы фестивалінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өткен Жібек жолы өнерінің 11-ші халықаралық фестиваліне Түркістан облысының шығармашылық ұжымы қатысып, ұлттық өнерімізді паш етті.


Іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының және «Turkistan Invest» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырылды.


Фестиваль аясында түркістандық өнерпаздар қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырып, көрермендерге рухани мереке сыйлады. Шығармашылық ұжымның өнері көпшіліктің зор ықыласына бөленіп, халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға елеулі үлес қосты.


Бұл мәдени шара Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы бауырластық қарым-қатынасты тереңдете түсті. Сонымен қатар мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, Қазақстан мен Қытай халықтарының арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтты.

Бөлісу