ТҮРКІСТАН: Өңірге тартылған инвестиция көлемі 596,3 млрд. теңгені құрады

0
211

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125,6%-ға өсті.


ТҮРКІСТАН: Өңірге тартылған инвестиция көлемі 596,3 млрд. теңгені құрады

Түркістан облысына 2024 жылдың алғашқы 8 айында 596,3 млрд. теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысына инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс орындарын ашу, өндіріс орындарын көбейту аса маңызды екенін тапсырған болатын. Осы бағытта биыл Түркістан облысында жүйелі жұмыс жүруде. Қазіргі таңда жылдың алғашқы 8 айының қорытындысымен өңірге тартылған инвестициялар көлемі 596,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125,6%-ға өсті.


Инвестицияның өсу қарқынын қамтамасыз ету мақсатында, 2024-2027 жылдары жүзеге асырылатын 145 инвестициялық жобалардың пулы қалыптастырылған. Жобалардың жалпы құны – 2,5 трлн. теңге. Олардың есебінен 20 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ.


2024 жылы жалпы құны 142,4 млрд. теңгені құрайтын 2 233 жаңа жұмыс орнын ашумен 59 инвестцииялық жобаны іске асыру көзделген. Бүгінде жалпы құны 76 млрд. теңгеге 866 жұмыс орны құрылып, 25 инвестициялық жоба іске қосылып үлгерді.


Бұдан өзге Жалпыұлттық пул аясында 2024-2027 жылдар аралығында жалпы құны 1,5 трлн. теңгеге 8 114 жұмыс орнын ашатын 23 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылып, Ұлттық цифрлық платформаға енгізілді.