"Өңірлік коммуникация қызметі" бөліміне басшы тағайындалды.
Түркістан облысында "Өңірлік коммуникация қызметі" бөлімінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2022 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Жансая Алпамысова Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының "Ақпараттық талдау орталығы" КММ-і, "Өңірлік коммуникация қызметі" бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.