ТҮРКІСТАН: Ордабасыда егіздер мектепке барды

0
531

4 жұп егіз бала мектеп табалдырығын аттады.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда егіздер мектепке барды

Ордабасыда 4 жұп егіз мектепке барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданының білім бөліміне қарасты Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылында 1 сыныпқа 4 жұп егіз бала мектеп табалдырығын аттады.


Аталған білім ошағының 1-а сыныбына барған Серікбай Амина, Серікбай Алинаның ата-анасы 7 баланы тәрбиелеп отырған қарапайым отбасы. Анасы жұмыссыз. Әкесі жеке жер кәсібімен айналысады. Ал 1-ә сыныбындағы Нұрғали Ақарыс пен Нұрғали Бекарыстың отбасында алты бала тәрбиленуде. Әкесі әкімшілікте қарауыл қызметінде, ал анасы үй шаруасындағы әйел.


Сәрсен Нұрдәулет пен Сәрсен Бақдәулеттің отбасында 4 бала тәрбиеленуде. Егіздердің бірі Асқар Аяна мен Аяла. Бұл отбасыда 6 қыз 1 ұл тәрбиеленуде. Анасы Жаңабекова Баян ауылдық кітапханада меңгеруші болып жұмыс жасайды. Әкесі жеке жер кәсібімен айналысады.