ТҮРКІСТАН: Ордабасыда «Мектепке жол» жәрмеңкесі өтті

0
1 011

Оқушыларға арналған киімдер, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті құралдар ұсынылды.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда «Мектепке жол» жәрмеңкесі өтті

Ордабасы ауданында «Мектепке жол» акциясы болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Ордабасы ауданының орталығы Темірланда «Мектепке жол» акциясы болып өтті. Іс-шараға аудан әкімі Азат Оралбаев қатысты. Таңнан бастау алған шарада мектеп оқушыларына арналған киімдер, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті құралдар ұсынылды.


Жаңа оқу жылына жалпы облыстық бюджеттен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 2500-ден астам балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектермен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, аудан әкімі Азат Оралбаевтың арнайы тапсырмасымен дербес бөлімдер, ауыл әкімшілігі мен кәсіпкерлер де акцияға атсалысты.


Жәрмеңкеге 100 шақты жеке кәсіпкердің тігін фабрикасының дайын өнімдері, Шымкент қаласының «АвтоНұр» сауда орталықтарының өкілдері, сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер күзгі оқу маусымына қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және тағы басқа тауарларды нарықтан 20-30 пайыз жеңілдікпен ұсынды. Сондай-ақ, аталған акция барысында аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат депуттары бірлесе отырып 523 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.


Бүгінде аталған науқандық акция ауданның барлық ауыл окургтері мен ауыл, елді мекендерінде жалғасын табуда.