ТҮРКІСТАН: Ордабасыда облыстық театр байқауы өтті

0
42

Үш күнге созылған байқау барысында 17 қойылым көпшілік назарына ұсынылып, аудан, қалалардан келген театрлар өзара бақ сынады.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда облыстық театр байқауы өтті

Ордабасыда «Театр – өмір айнасы» облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданында «Театр – өмір айнасы» облыстық Халықтық және Үлгілі театрлар байқауы өз мәресіне жетті. Театр байқауына аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов арнайы қатысып, жарыс қатысушыларыныңа ізгі тілегін білдірді.


Үш күнге созылған байқау барысында 17 қойылым көпшілік назарына ұсынылып, аудан, қалалардан келген театрлар өзара бақ сынады. Байқау мақсаты – театрлардың репертуарында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін, патриоттық рухты оятатын жане заманауи шығармалардын орын алуына, сонымен қатар театрлардың өнерін насихаттау, бір-бірімен іс-тәжірибе алмасу, шеберлік сағаттарын өткізу жане шығармашылық байланыстарды нығайтуға ыкпал ету.


Байқауда Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театрының режиссеры Бекболат Құрманғожаев, Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының бас суретшісі Бақыт Сраилов, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды драма театрының директоры Арман Алиев, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асылхан Темірхан, мәдениет саласының ардагері Құрманәлі Жылқыбай қазылық жасады.


Әділ қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде «Келес» халық театрына бұйырды. Жүлделі І орынды Шымкент қаласының «Думан» халықтық жастар театры, ІІ орынды «Темірлан» халық театры, «Сайрам» аудандық қазақ халық театры, Сарыағаш ауданы Халықтық драма ұжымы иеленді. Жүлделі ІІІ орынды Ордабасы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жас толқын» балалар мен жасөспірімдер Үлгілі театры, «Шардара» халық театры, «Асықата» халық театры, «Отырар» халық театрлары өзара бөлісті.


Облыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі Қазығұрт ауданы Т.Аханбаев атындағы халық театрына, Ордабасы ауданы әкімінің арнайы жүлдесі Бәйдібек ауданының «Шаян» халық театрына, «Театр – өмір айнасы» арнайы жүлдесі Арыс қаласы Халықтық көркемөнерпаздар ұжымына, «Үміт» арнайы жүлдесі «Сауран» қазақ халық театрына, «Ең үздік режиссура» «Түркістан» халық театрына, «Үздік әйел бейнесі» Кентау қаласы «Шапалақ» халықтық театрына бұйырды. Сонымен қатар Төлеби ауданы «Жебе» халықтық драма және көркемөнер ұжымы мен Созақ ауданы «Созақ» халық театры қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.


Айта кетейік, Түркістан облыстық мәдениет басқармасы, Ордабасы ауданы әкімдігінің бастамасымен ауданның 60 жылдығы, аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Темірлан» халық театрының 50 жылдығына орай өткен байқау 2023 жылы Келес ауданында өткен «Театр – өмір айнасы» театр байқауында бақ сынап, қорытынды марапатта ұсыныспен қабылданған болатын. Келесі жылы өткізу үшін дәстүрлі театр эстафетасын Отырар ауданы қабылдады.

Бөлісу