ТҮРКІСТАН: Ордабасыда жаңа спорт кешені ашылды

0
734

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынған.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда жаңа спорт кешені ашылды

Ордабасы ауданында заманауи спорт кешені ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданы Төрткөл ауылдық округінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында заманауи спорт кешені ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа нысанның лентасын аудан әкімі Бағлан Батыршаев бастаған игі жақсылар қиып, ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.


Мерекелік жиында спорт ардагері Асан Жұмабаев сөз алып, тәуелсіздік жылдарында мемлекет тарапынан ауылдарға әлеуметтік көмектің көптеп көрсетіліп жатқандығына тоқталды. Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын «Қаратау ЛТД» ЖШС мердігер компаниясы жүргізген. Мамыр айында басталған құрылыс Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аяқталды.


Спорт кешенде воркаутпен айналысуға арналған және футбол, шағын футбол, баскетбол, волейболға арналған алаңдар бар. Сондай-ақ, еркін күрес, грек-рим күресі, самбо, дзюдо, бокс бойынша күнделікті жаттығулар өткізілетін залмен қатар қол добы, үстел теннисі, баскетбол, волейбол сынды командалық ойындарды ойнауға мүмкіндік қарастырылған.