ТҮРКІСТАН: Ордабасылық диқандар гектарынан 35 центнер мақта алып жатыр

0
606

Түріктің «Эдесса» сұрыбының шиті себіліп, өнім көрсеткіші жоғары болған.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылық диқандар гектарынан 35 центнер мақта алып жатыр

Ордабасы ауданындағы мақта алқабының 80 пайызы бірінші терімнен өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданы, Төрткүл ауыл округінің диқандары мақта жинау науқанын қыркүйек айының соңғы күндері бастады. Қазіргі таңда 4361 гектар мақта алқабының 80 пайызы бірінші терімнен өткен. Биыл аталған ауылдық округтің 723 гектар жеріне түріктің «Эдесса» сұрыбының шиті себіліп, өнім көрсеткіші жоғары болған.


Айта кетейік, мақта теріміне 10 «Джон-Дир» комбайны жұмылдырылған. Бүгінде мақта егілген 245 гектар аумақтың орташа түсімі 35 центнерді құрап отыр.