ТҮРКІСТАН: Ордабасылық партияластардың үздіктері іріктелді

0
432

Күн тәртібіне сай конференция барысында төрт мәселе қаралды.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылық партияластардың үздіктері іріктелді

Ордабасы ауданында «Нұр Отан» партиясы филиалының 44-ші конференциясы өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ордабасы ауданында «Нұр Отан» партиясы филиалының 44-ші конференциясы өтті. Аталған конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 50 делегаттың бәрі қатысты.

Күн тәртібіне сай конференция барысында төрт мәселе қаралып, талқыланды. Олар: «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекіту; Облыстық партиялық тізімге кандидаттарды бекіту және ұсыну; Ордабасы аудандық сайлау комиссиясына «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын партиялық тізімді талқылау және бекіту; «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, конференцияда дебатқа қатысқан облыстық маслихатқа үміткерлер төмендегіше дауыс жинады. Үміткер Қ.Абасов 49 дауыс жинаса, Д.Әбіш 31, Б.Тағаев 29 дауыс еншіледі. Қатысқан үміткерлер арасында әйелдер үлесі 37 пайызды құраса, жастар 25 пайызды құрады. Алдағы уақытта Ордабасы аудандық мәслихатының құрамы едеуір өзгеріске ұшырап, жаңа депутаттар келеді.