ТҮРКІСТАН: Отырарда 50-ге жуық көше жөнделеді

0
99

Аудан көлеміндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 863,3 шақырымды құрайды.


ТҮРКІСТАН: Отырарда 50-ге жуық көше жөнделеді

Отырарда «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 50-ге жуық көше жөнделеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданында биыл жалпы 49 көшеге ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған игі істер «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет есебінен атқарылуда. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Балтакөл елді мекеніндегі Тәукебай және Б.Жұмағұлов көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарымен танысты.


Ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын ішкі көшелерді асфальттау жұмыстары облыстық бюджет қаражаты есебінен іске асуда. Өңір басшысы жоспарлы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес сапалы жүргізілуі қажеттігін атап өтіп, жауапты сала басшыларына қадағалауды тапсырды. Аудан көлеміндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 863,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде облыстық маңыздағы жолдар – 325,9 шақырым, аудандық маңыздағы жолдар - 109,7 шақырым, ішкі көшелер - 427,7 шақырымды құрайды.


2025 жылға республикалық бюджет есебінен «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 20,63 шақырым ішкі көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен ұзындығы – 26,8 шақырым көшеге орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылады деп жоспарланған.

Бөлісу