ТҮРКІСТАН: Отырарлық дәрігерлер көпбалалы отбасыларға көмек бермек

0
2 991

Медициналық кеңес беруден түскен қаржыны әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға табыстауды ниет етіп отыр.


ТҮРКІСТАН: Отырарлық дәрігерлер көпбалалы отбасыларға көмек бермек

Алматыдан Отырарға келген дәрігерлер тұрғындарға кеңс беріп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кез келген мемлекеттің болашағы – халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Өркениет көшінде елдің ертеңі – халқының саулығына тікелей байланысты. Дені сау халық – бай халық, елінің дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз.

Жоғарыда атап өткен қағиданы басты назарға алған «Жанға Шипа» медициналық орталығы А.Сызганов атындағы Ұлттық хирургия орталығының білікті мамандары, уролог-трансплантолог Ернұр Белгібаев, Ельшад Набиевтермен бірлесіп, аудан тұрғындарына консультациялық кеңестер беруде.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында А.Сызганов атындағы Ұлттық хирургия орталығының басқарма төрағасы Болатбек Баймахановтың тікелей қолдауымен келген ақ қалатты абзал жандар 25-26 ақпан күндері тұрғындарды қабылдамақ.
Тәжірибелі мамандар несеп-тас ауруы, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы (аденома), қуық тас ауруы, простатит, бүйрек ісігі, қуық ісігі, бүйрек кистасы, бүйрек жетіспеушілігі (гемодиализде жүрген науқастар), кіші дәреттің ұстамауы (еркектерде және әйелдерде) сынды аурулар бойынша кеңес беруде.
Ауырмайтын жол іздеуді насихаттау және туған жердің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосуды мақсат тұтқан Ернұр Бақытжанұлы мен Ельшад Смаилұлы медициналық кеңес беруден түскен қаржыны әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы отбасыға табыстауды ниет етіп отыр.