ТҮРКІСТАН: Өзекті мәселеге айналған каналға су сорғысы орнатылып жатыр

0
745

Егістік алқаптарын суғаруға қажетті су көлемі жетіспеушілігі мәселесі талай жылдан бері туындап келеді.


ТҮРКІСТАН: Өзекті мәселеге айналған каналға су сорғысы орнатылып жатыр

Мақтаарал ауданында өзекті мәселеге айналған "К-19" каналына су сорғыш орнатылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауанына қарасты Достық ауылдық округінде бірнеше жылдан бері ең өзекті мәселелердің бірі – К-19 каналына ағын су мәселесін жеткізу еді. Міне, аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен бұл мәселе де өз шешімін табуда. 1957 жылы салынған канал 4200 гектар жерге 4 м3/сек ағын су таратады. Достық магистралды каналы арқылы су көзін алатын К-19 каналының ұзындығы 11,93 км-ді құрайды. Канал толығымен монолитті темірбетонмен қапталған. Меншік иесі - "Қазсушар" РМК.


К-19 каналы жоғары орналасуына байланысты егістік алқаптарын суғаруға қажетті су көлемі жетіспеушілігі мәселесі талай жылдан бері туындап келеді. Жергілікті тұрғындар бұл өзекті мәселе жөнінде аудан әкімінің қабылауында көтеріп, есептік кездесуінде мәселені шешіп беруді сұраған болатын.


Достық магистралды каналының арнасынан биікте орналасқандықтан, жазғы су беру науқаны кезінде каналға ағын суды уақытылы жеткізу үшін Достық каналының деңгейін жоғары ұстау арқылы ғана шаруаларға қажетті ағын су беріліп келген. Аудан әкімінің тапсырмасымен бұрын орнатылған дизельдік су сорғыштардың жарамсыздығы анықталып, тез арада электрлі су сорғыш қондырғысын орнату және электр энергиясымен қамтамасыз ету қажет деп танылған. Мәселені шешу үшін каналғақуаттылығы 0,8 м3/сек 4 дана электрлі су сорғышын орнату керек болатын.


Кейіннен электрлі сорғыш орнатуға аудан әкімінің қаулысыменарнайы 1,6 гектар жер телімі бөлініп, "Қазсушар" РМК ТФ тарапынан мемлекеттік акт алынған. Мәселенің өзектігі ескеріліп, бүгінгі таңда "Қазсушар" РМК ТФ қуаттылығы 0,5 м3/сек 2 дана электрлі су сорғыштарын орнату жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, К-19 каналына ағын суды жеткізіп беруге d=500 мм құбырлар тартылуда.