ҚР қылмыстық кодексінің 378-бабының 2-бөлігімен айып тағылған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден алынған
Арыс қаласында полиция қызметкерін балағаттаған жігіт сотталды. Тәртіп сақшыларына тіл тигізгені үшін сексен сағат қоғамдық жұмысқа тартылатын болды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Тамыз айында Арыс қаласындағы Әйтеке би көшесінде Е.Ж. өзінің "Ваз-2109" маркілі автокөлігімен жол ережесін бұзған. Мұны байқап қалған Арыс аудандық полиция бөлімінің жол потрульдік полиция инспекторлары көлікті тоқтатқан. Жол ережесін бұзған көлік жүргізушісінің құжаттарын тексеріп тұрған тәртіп сақшыларына сотталушы К.Б.килігіп кеп, балағаттап, тіпті анайы сөздер айтып ар-намысына тіл тигізген. Бұл теріс қылығы үшін К.Б.-ға Қазақстан республикасының қылмыстық кодексінің 378-бабының 2-бөлігімен айып тағылған. Арыс аудандық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 80 /сексен/ сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.