ТҮРКІСТАН: Президент кеңесшісі білім саласының қызметкерлерімен кездесті

0
296

Әділетті Қазақстанды құруда, елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда, қоғамды дамытуда мұғалімдердің рөлі айрықша екенін алға тартты.


ТҮРКІСТАН: Президент кеңесшісі білім саласының қызметкерлерімен кездесті

ҚР Президентінің кеңесшісі білім саласының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сапалы білім беру – қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізі. Ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, кәсіби біліктілігін көтеруіне, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыруға, өзін-өзі жетілдіруге ықпал етеді. Білім саласы туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында тілге тиек етті.


Жолдауда білім саласына көп көңіл бөлінген. Білім беру жүйесінің сапасы жоғары болған сайын, қоғамның инновациялық әлеуеті де арта түседі. Жолдаудағы басым бағыттар жөнінде пікір алмасу мақсатында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Түркістан облысының білім саласы қызметкерлерімен кездесті. Кездесуді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жүргізіп отырды.


Кездесуде Жолдау аясында елімізде іске асырылатын жоспарлар, білім саласының дамуына қатысты мәселелер айтылды. Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Жолдауларында адал адам, әділетті қоғам орнату мәселелеріне басымдық бергеніне тоқталды. Білім саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру мақсатында ғылым мен білімге, тәрбиеге үлкен мән беру керектігін жеткізді. Әділетті Қазақстанды құруда, елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда, қоғамды дамытуда мұғалімдердің рөлі айрықша екенін алға тартты.


Жолдауда мұғалімдердің біліктілігін көтеру мәселесі де сөз болды. Бұл бағытта Түркістан облысы әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен облыс мұғалімдері мен әдіскерлері Жапонияда Лессон стади әдісін, АҚШ-та инклюзивті білім беру және Қытайда техникалық және кәсіптік білім беру бағытында тәжірибе алмасты. Бұл жұмыс жаңа оқу жылында да жалғасын тауып, педагогтар Франция, Малайзия, Финляндия елдерінде арнайы тәжірибелік курстардан өтетін болады.


Мемлекет басшысының тапсырмасымен “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы Түркістан облысында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта биыл 29 Жайлы мектеп құрылысы жүргізілуде.


Қорыта айтқанда, Жолдау аясындағы білім беру саласы жоспарға сәйкес жұмыстап жүргізілуде. Жолдау арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру, әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамның өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жанданбақ.