Экс-шенеуніктің қасында тағы екі күдікті бар.
Прокурор Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының бұрынғы басшысы Дамир Жүнісовтің бас бостандығын 9 жылға шектеуді сұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Прокурор пандемия кезінде 240 миллион теңгені жымқырды деп айыпталған Дамир Жүнісовтің бас бостандығын 9 жылға шектеуді сұрады.
Мемлекеттік айыптаушы соттан Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының бұрынғы басшысы Дамир Жүнісовті елдегі төтенше жағдай кезінде 240 миллион теңгені жымқырды деп тануды сұрайды.
Айта кетсек, 10 тамызда Түркістан қалалық сотында тараптардың жарыссөзі өткен. Бұл іске Жүнісовтен бөлек, осы бап бойынша тағы екі айыпталушы - Дінмұхамед Жақыпбек пен Ербол Дайрашев қатысты деп танылып отыр. Бірінші прокурор Дінмұхамед Жақыпбекке дәл Дамир Жүнісовтікіндей жазаны, ал Дайрашевқа 8 жылға бас бостандығынан айыруды және он жыл бойы мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салуды сұрады.
Айта кетейік, бұл туралы телеграм желісіндегі prokadrykz каналы хабарлады. Ал, құзіретті органдар сауалымызға ресми жауап берген жоқ.