ТҮРКІСТАН: Сайрамда электр желілері жаңартылып жатыр

0
34

Электр желілері мен бағаналарының тозу деңгейі 40%-ды құрайды.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда электр желілері жаңартылып жатыр

Сайрамда электр желілері жаңартылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты барлық елді мекендер электр қуатымен қамтылған. Дегенмен, электр желілері мен бағаналарының тозу деңгейі 40%-ды құрайды. Осы мәселені шешу мақсатында елді мекендерде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Биыл Сайрам ауданын электр қуатымен қамту деңгейін арттыру және желілерді жаңарту мақсатында 9 нысан бойынша құрылыс жұмыстары қолға алынған.


Атап айтқанда, Қарамұрт, Көлкент, Қарабұлақ, Низамабад, Қожақорған, Нұржанқорған елді мекендері мен Қожақорғанның 34 гектар аумағындағы электр желілерінің құрылысы биыл толық аяқталды. Нәтижесінде 2663 тұрғын үй сапалы және тұрақты электр қуатымен қамтылатын болады.


Құрылыс жұмысы кезінде 37 дана трансформатор орнатылып, 117,8 шақырым электр желілері тартылды, сондай-ақ 4160 дана электр бағаналары жаңадан орнатылды.

Бөлісу