ТҮРКІСТАН: Сайрамда құны 2,5 млрд теңгеден асатын инвестициялық жоба жүзеге асады

0
136

Кешен құрамында қойма алаңдары, өндіріс цехтары, көлік сервисі, кафе, қонақ үй және 3 гектарлық тир-парк болады.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда құны 2,5 млрд теңгеден асатын инвестициялық жоба жүзеге асады

Сайрам ауданында құны 2,5 млрд теңгеден асатын инвестициялық жоба жүзеге аспақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын жаңа инвестициялық жоба іске асырылмақ. Құны 2,5 млрд теңгеден асатын жоба аясында Қайнарбұлақ ауылдық округінде заманауи көпфункционалды қойма кешені салынады. Кешен құрамында қойма алаңдары, өндіріс цехтары, көлік сервисі, кафе, қонақ үй және 3 гектарлық тир-парк болады. Аудан әкімі Мадияр Оразалиев «TorSel Group» ЖШС-нің басшысы Ахмет Орушұлымен кездесіп, жобаның мақсаты мен құрылымын талқылады.


Инвестициялық жоба жүзеге асса 100-ден астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, газобетон және пластик өндіріс цехтары жолға қойылып, заман талабына сай көлік жөндеу орталығы бой көтереді. Жобаның құрылысы 2026 жылы басталады деп жоспарлануда.

Бөлісу