ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданының бір ғана ауыл округінде 300 гектар жылыжай бар

0
1 254

Мұндағы шаруалар бір жерден үш рет өнім алуда.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданының бір ғана ауыл округінде 300 гектар жылыжай бар

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауыл округінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бір жерден үш рет өнім алу тапсырмасы ойдағыдай жүзеге асып келеді. Мұнда қазірдің өзінде жылыжай көлемі 300 гектарға жеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаруалардың басым көпшілігі бір жерден үш рет өнім алу ісіне бейім. Солардың бірі – «Шухрат» шаруа қожалығы биыл 70 соттық жерге ерте пісетін қырыққабат егіп, алқашқы шабығын да бастап жіберіпті.

«Биыл ауа-райы шаруаларға өте қолайлы болып тұр. Соның арқасында біз алғашқы өніміміз – қырыққабатты қаңтар айында отырғыздық. Бұл дақылымыз мамыр айында піссе, артынша бұл жерге картоп егеміз. Картопты жинап бола сала, күзде пленка астына аскөк отырғызамыз», – дейді қожалық төрағасы Розмат Мелхозиев.

Айта кетейік, бүгінде Жартытөбе ауыл округінде жалпы егістік көлемі 1600 гектарды құрайды. Бұл егістік алқаптарында 997 шаруа қожалық еңбек етеді. Диқандардың басым көпшілігі ерте пісетін көкөніс дақылдарын өсірумен айналысады. Нақтырақ айтсақ, негізгі дақыл – қырыққабат саналады. Ағын судан еш тапшылық жоқ. Осындай мүмкіндіктердің арқасында мұндағы шаруалар бір жерден үш рет өнім алуда.