ТҮРКІСТАН: Сарыағашта ауызсу қоймалары салынып жатыр

0
596

Құрылыс монтаж жұмыстарының 70 пайызы орындалып, жыл соңына дейін аяқталмақ.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта ауызсу қоймалары салынып жатыр

Сарыағаш ауданының әкімі ауызсу қоймаларындағы құрылыс жұмыстарының жағдайымен таныс, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданынң әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елдімекені, сондай-ақ Қабланбек ауылдық округі Ақниет елдімекеніне барып, ауызсу қоймаларындағы құрылыс жұмыстарының жағдайымен танысып, сапасын тексерді.


Сонымен қатар, аудан басшысы су құбыры өтіп жатқан аталған елдімекендердің көшелерін арнайы аралап, жөндеу жұмыстарын бақылады.


Бүгінгі таңда, аталған су қоймаларының қалыптары құйылып, бетін жабу кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс монтаж жұмыстарының 70 пайызы орындалып, жыл соңына дейін аяқталмақ.


Құрылыс нысандарында болған аудан басшысы ел игілігіне бағытталған істер сапалы әрі өз уақытында жүргізілуі тиістігін айтты. Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшыларына алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының барысын арнайы өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.


Еске сала кетсек, аудандағы 68 елдімекеннің 42-сі, яғни 61,8%-ы орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Аймақты табиғи газбен қамту көрсеткіші қазіргі таңда 76,1 пайызды құрайды. Сапалы электрмен қамту бойынша өткен жылы жалпы 18,3 шақырым электр желілері, 1043 электр бағаналары, 15 дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілген.