Аудан бойынша жалпы 5.7 тонна қоқыс шығарылып, 2 000-ға жуық адам, 27 арнайы техника жұмылдырылды.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен аудан аумағында тазалық жұмыстары, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Туған жер тазалығына, оның ажарының ашылуына атсалысу – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлығын көрсетеді. Осы тұста, қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен аудан аумағында тазалық жұмыстары өтті.
Аталған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне жүктелген аумақта таңғы сағат 10:00-ден бастап тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойындағы бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау,шөптерді ору жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша жалпы 5.7 тонна қоқыс шығарылып, 2 000-ға жуық адам, 27 арнайы техника жұмылдырылды.
Жалпы аудандық сенбіліктің мақсаты – тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын ояту және қаланың санитарлық жағдайын жақсарту. Жұмыстар жалғасады.