ТҮРКІСТАН: Сарыағашта кезекте тұрған азаматтарға пәтер беріле бастады

0
540

Пәтер саны 600-ге жуық.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта кезекте тұрған азаматтарға пәтер беріле бастады

Сарығашта 5 қабатты 45 пәтерден тұратын 13 көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарығаш қаласындағы Қапланбек оқу-тәжірибе шаруашылығы аумағынан 5 қабатты 45 пәтерден тұратын 13 көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталған болатын.


Коммуналдық арендалық тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары 2018-2020 жылдары аралығында жүргізіліп, аяқталған.


Биыл жыл басында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен бұл үйлерге арналған автономиялық кәріз жүйесін жүргізу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.


Қазіргі таңда толық инфрақұрылым мәселелері шешімін тауып, баспанаға кезекте тұрған мұқтаж азаматтар мен көпбалалы отбасыларға 585 пәтердің кілтін табыстау басталып кетті.


«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасына сәйкес, пәтерлер санаттар бойынша үлестіріліп жатыр. Олар: Ұлы Отан соғысының ардагері – 1, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 117, көпбалалы отбасыларға – 211, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына – 256 пәтер", - деді аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов.


Баспаналардың кілті 1 маусымнан бастап табысталып жатыр. Пәтерлер толық беріліп болған соң үй иелерімен келісім-шарт түзіліп, тиісті құжаттар рәсімделетін болады.