ТҮРКІСТАН: Сарыағашта тіркеуде жоқ атыс-қаруға өтемақы төленіп жатыр

0
1 437

Республика аумағында 2019 жылдың сәуір айының 10-нан бастап халықтан атыс қаруын, оқ дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша науқан өтіп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта тіркеуде жоқ атыс-қаруға өтемақы төленіп жатыр

Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық полиция бөлімі заңсыз айналымдағы тіркеуде жоқ атыс қаруларын тапсыру акциясы өтуде деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің Сарыағаш аудандық Полиция бөлімінің орынбасары, полиция подполковнигі Е.Шамшаттың тікелей басшылығымен осы салаға қатысты аудандық полиция қызметкерлері профилактикалық шарасын ұйымдастырып жатыр.

«Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2015 жылғы 27 Наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген. Республика аумағында 2019 жылдың сәуір айының 10-нан бастап халықтан атыс қаруын, оқ дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша ұйымдастырылып жатқаны туралы қалалық баспасөз бен ақпарат құралдарында, сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында кеңінен насихатталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Акция өткізілген 7 күн ішінде аудандық полиция бөліміне 14 бірлік суық қарулар өткізіліп, өтемақы берілді. Акция барысында аталған қару-жарақ түрлерін өз еркімен тапсырған азаматтардың алдын ала әрекеті басқаларға үлгі боларлық, ал акцияны сәтті өткізуге белсене қатысу тек қана құқық қорғау органы қызметкерлерінің ғана міндеті емес сондай-ақ тұрғындардың да азаматтық борышы.