Жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Сарыағаштық тұрғынның үйінен жоғалған қыздың денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
13 шілде күні Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған, 5 жасар қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Тиісінше, бұл дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Күдікті Сарыағаш АПБ-ға жеткізіліп, қамауға алынды. Барлық жағдайлар анықталуда. Оқиға орнына полиция бөлімінің басшылығы, аудандық прокурордың орынбасары және жедел-тергеу тобы барды. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында», - деп хабарлады құзіретті орган.
Әлеуметтік желіге таралған бейресми ақпаратқа сүйенсек, күдікті бүлдіршінге зорлық көрсеткен көрінеді.