ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық жастар «Өнегелі ұрпақ» апталығына белсене атсалысып жатыр

0
264

Зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметшілері, жастар, еріктілердің қатысуымен тазалық шаралары өз деңгейінде өтіп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық жастар «Өнегелі ұрпақ» апталығына белсене атсалысып жатыр

Сарыағашта "Өнегелі ұрпақ" апталығы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағашта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы, "Өнегелі ұрпақ" апталығы қарқынды жүргізілуде. Ауданның белсенді жастары Тегісшіл ауылдық округінің тұрғыны, жалғызбасты Бекжанов Нуриддин Бекжанұлы атаның үйіне барып, аула жұмыстарына жәрдемдесті. Қарияның хал-жағдайын сұрап, ақ батасын алған жастар үй ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, үй ауласын шөптен тазартып, күл-қоқыстарын шығару жұмыстарын орындады.


Сонымен қатар белсенді жастар Жемісті ауылдық округінің тұрғыны тыл ардагері Боранбаев Әбдіхаиым қарияның үйіне барып, ауласын шөптен тазартып, күл-қоқыстарын шығарып, тазалық жұмыстарын атқарды. Әбдіхаиым ата үйіне көмекке келген жастарға ақ батасын беріп, алғысын білдірді. Сарыағаш ауданында акция басталғалы бері зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметшілері, жастар, еріктілердің қатысуымен тазалық шаралары өз деңгейінде өтіп жатыр.