ТҮРКІСТАН: Сауранда 1,5 млрд теңгенің жобасы іске асырылады

0
194

Тараптар арасында белгілі бір міндеттемелер мен жауапкершіліктерді айқындап, жобаның табысты жүзеге асырылуына алғашқа қадамдар жасалды.


ТҮРКІСТАН: Сауранда 1,5 млрд теңгенің жобасы іске асырылады

Сауранда 1,5 млрд. теңгенің жобасына меморандум жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданы әкімдігінде аквапарк салу жобасын жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қойылды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен жоба авторы Надир Абдусаттаров осындай келісімге қол жеткізді. Тараптар арасында белгілі бір міндеттемелер мен жауапкершіліктерді айқындап, жобаның табысты жүзеге асырылуына алғашқа қадамдар жасалды.


Аквапарк салу жобасы ауданның экономикасына оң әсерін тигізіп, жергілікті тұрғындардың демалу мүмкіндіктерін кеңейтумен қатар, туристік ағынды арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Әкімдіктің қолдауы жобаның іске асырылуында маңызды рөл атқарады.


Меморандумға қол қою барысында құрылыс жұмыстарының уақыты, қаржыландыру көздері және басқа да маңызды мәселелері талқыланды. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан да маңызды жоба құны – 1,5 млрд. теңге.

Бөлісу