ТҮРКІСТАН: Сауранда 55 тонна қоқыс шығарылды

0
363

Атқарылған жұмыстарға 300-ге жуық азамат пен 11 техника жұмылдырылған.


ТҮРКІСТАН: Сауранда 55 тонна қоқыс шығарылды

Сауранда өткен сенбілікте 55 тонна қоқыс шығарылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тазалық шарасы өтті. Сенбілік жұмыстары «Түркістан-Шымкент», «Түркістан-Кентау» бағыттарындағы автомобиль жолдарының бойы мен индустриалды аймақтарда ұйымдастырылған. Одан бөлек, аудандағы 12 ауылдық округте тазалық шарасы өткізілді. Атқарылған жұмыстарға 300-ге жуық азамат пен 11 техника жұмылдырылған. Сенбілік барысында көше бойлары арам шөптер мен қураған ағаштардан тазарып, 55 тонна қоқыс шығарылған.


Жалпы Сауран ауданында өткізіліп жатқан сенбіліктер қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған. Сондай-ақ аудан тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.