ТҮРКІСТАН: Сауранда балалар саябағы ашылды

0
148

Аталған игі жоба аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды


ТҮРКІСТАН: Сауранда балалар саябағы ашылды

Сауран ауданының орталығында жаңа балалар саябағының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сауран ауданының орталығында жаңа балалар саябағының ашылу салтанаты өтті. Аталған игі жоба аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып, бүгінгі таңда пайдалануға берілді. Жобаның тапсырыс берушісі – Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.


Салтанатты шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, саябақтың ресми ашылуын жасады. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, ауданның зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар жаңа нысанмен танысты.


Жалпы аумағы 2,14 гектарды құрайтын жаңа саябақ заманауи талаптарға сай жабдықталған. Балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуіне барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, үлкен ойын алаңы түрлі жастағы балаларға арналған заманауи әрі қауіпсіз құрылғылармен қамтылған. Алаңға жұмсақ жабын төселіп, қауіпсіздік талаптарына толық сай келеді.


Сонымен қатар саябақ аумағы көгалдандырылып, 2113 шаршы метр жасыл белдеу қалыптастырылды. Демалуға арналған көлеңкелі аймақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынып, орындықтар орнатылған. Табиғи атмосфераны жандандыру мақсатында саябаққа 12 түрлі ағаш, 88 түп шырша, 25 түп писсарди, 20 түп шынар, 30 түп раушан гүлі және 40 түп магония көшеті отырғызылды.

Бөлісу